- Көрме
- Қатысушыларға
- Келушілерге
- Байланыстар
United Chemical Show көрмесі – әлемнің көптеген елдерінен келетін химиялық өнімдер мен қызметтер өндірушілерінің, озық технологиялар мен жабдықтарды жеткізушілердің, сондай-ақ түрлі салалардың тұтынушыларының басын қосатын кездесу алаңы.
United Chemical Show халықаралық көрмесі – Орталық Азиядағы химия өнеркәсібінің ең ірі көрмесі. Ол химиялық және полимерлік шикізаттан бастап химиялық компоненттерге, көмекші материалдар мен жабдықтарға және дайын химиялық өнім өндіруге дейінгі өндірістің толық циклын қамтиды. Көрме Қазақстан, Астана қаласында өтетін лак-бояу материалдары, шикізат және жабдықтар көрмесі Central Asia Coating Show іс-шарасымен бір уақытта өткізіледі.
Бұл – Орталық Азия өңіріндегі ең ірі кешенді платформа. Ол химиялық өнімдер мен қызметтер өндірушілерін, озық технологиялар мен жабдықтарды жеткізушілерді, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінен келетін әртүрлі салалардың тұтынушыларын біріктіруге арналған.
United Chemical Show – химия саласындағы отандық және халықаралық мамандардың кездесетін орны. Көрме қатысушылар мен келушілерге жаңа іскерлік байланыстар орнатуға, дамытуға және саладағы соңғы жаңалықтармен танысуға арналған бірегей мүмкіндік ұсынады.
Негізгі химия
Лактар, бояулар, жабындар
Пластмассалар мен шайырлар
Мұнай-газ химиясы өндірісі
Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер, нанотехнологиялар
Тұрмыстық химия
Мұнай-газ кешені
Минералды тыңайтқыштар, агрохимия
Тау-химия өнеркәсібі
Желімдер және адгезивтер
Каучук
Пигменттер және бояғыштар
Машина жасау
Пластмассадан жасалған бұйымдар
Құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі
Парфюмерия және косметика өнеркәсібі
Химиялық жіптер және талшықтар
Медицина / фармацевтика өнеркәсібі
Биохимия, биотехнология, жасыл химия, микробиология
Металлургия және тау-кен өнеркәсібі
Сумен жабдықтау, су дайындау және су тазарту
Сумен жабдықтау, су дайындау және су тазарту
Шиналар және резеңке-техникалық бұйымдар
Әуе және ғарыш өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі
Өнеркәсіптік газдар
Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы
Автомобиль жасау және жөндеу
Энергетика
Маркетинг және жарнама
Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі
Қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, экология
Ақпараттық технологиялар, өндірісті автоматтандыру
Электроника және электр техникасы
Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі
Фотохимия өнеркәсібі
Кең тұтыну тауарлары индустриясы
Әскери-өнеркәсіптік кешен
Жол құрылысы
Ағаш өңдеу және жиһаз өндірісі
Кеме жасау
Біз келушілердің әрбір санатын жеке зерттейміз және әрбір келуші сегментіне арнайы жарнамалық кампания жүргіземіз.
United Chemical Show көрмесіне қатысу – іскерлік байланыстар орнатуға және химия саласының көшбасшылары арасында өз бизнесіңізді таныстыруға бірегей мүмкіндік. Бұл сіздің брендіңіздің нарықтағы сенімін арттырып, танымал болуына ықпал ететін маңызды қадам.